Артқа
Артқа

Емханаларға тіркелу жүйесі автоматтандырылды

15 қыркүйекте Қазақстанда емханаларға тіркелу науқаны басталады.


2019 жылы 15 қыркүйек мен 15 қараша аралығында ел тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына өз қалауы бойынша тіркелу мүмкіндігі беріледі. Биыл оны eGov электронды үкімет веб-порталы арқылы жасауға болады. Ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

- Қандай да бір сұрақтар немесе қиындықтар болса, ХҚКО кеңесшілері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тіркелуге  көмектеседі, - деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Ләззат Әлімова.  – Ал емханаға тіркелу процесін автоматтандырудың арқасында сан алуан тәртіп бұзушылықтарға жол берілмейді. Атап айтқанда, енді тіркелу туралы сұрауды қолдан жасау мүмкін емес. Бұрын ондай әрекеттер қызмет жеткізушілер арасында болған. Тіпті, адамдардың өздері де жасайтын.   

Осы орайда маңызды бір мәселені ескерген жөн. Емхана немесе дәрігерлік амбулаторияны еркін таңдау принципі тек тұрғылықты жердің әкімшілік-аумақтық бірлігімен ғана шектеледі. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ол – пациеттің тұратын ауданы.

- Бұрын ондай шектеу болған жоқ. Алайда іс жүзінде ондай еркіндік бірқатар қиындықтар туғызды. Мәселен, тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамдарға, оның ішінде  жүкті және жаңа туған нәрестелерге қызмет көрсету жағынан қиын болды, - дейді Ляззат Әлімова. – Осыған байланысты нормативтік базаға өзгерістер енгізілді. Енді, БМСК-ны қаладағы бір ауданның аясында ғана таңдауға болады.

Тіркеу кезінде ата-анасы да, балалары да бір емханаға баратындай отбасылық қызмет көрсету принципіне басымдық беріледі. 18 жасқа толмаған балаларды олардың заңды өкілдері тіркеуге құқылы.

БМСК ұйымында тіркелген адамдар шамадан тыс көп болса,  Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен басқа емханаға тіркемей қоюы да мүмкін. Қолданыстағы нормативтер бойынша жалпы практик дәрігердің учаскесінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.

- Учаскелерді ірілендіру дәрігердің жүктемесін төмендетіп, пациенттер үшін қызмет көрсету сапасын жақсартады. Дәрігер қабылдауға келген адамға жеткілікті көңіл бөлуі керек. Осыған орай, Қор медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында жүйелі жұмыс істеп келеді. Әсіресе, медициналық сақтандыруды енгізу қарсаңында осы шаралардың маңызы артып отыр, - деп атап өтті Ләззат Әлімова.

Емханаға тіркелу науқаны нәтижесіне қарай Қордың өңірлік комиссиялары алдағы жылға БСАК көлемін орналастыру рәсімдерін жүргізеді. Жаңадан таңдалған емханаға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап баруға болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін сізге бұрынғы БМСК қызмет көрсете береді.

Науқан кезінде тіркелу – бұл өз таңдау құқығын іске асырудың жалғыз жолы емес. Жылдың аяғына дейін емхананы бірнеше жағдайда ауыстыруға болады. Біріншіден, адамның тұрғылықты жері бір айдан астам уақытқа өзгерсе, екіншіден, емханада қайта ұйымдастыру болса және ол Қордың қызмет жеткізушілері қатарынан шығып кетсе, тіркеуді ауыстыруға мүмкіндік бар. Тіпті, ешбір себепсіз жылына бір рет тұрғылықты жері аймағында емхананы ауыстыруға болады.

Тіркелу науқаны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген Денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана жүргізіледі.

Деректер базасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының интернет-ресурсында орналасқан:  https://fms.kz/ru/select-medical-inst

11.09.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ С ЦЕНТРАЛЬНЫМ ДОМОМ БУХГАЛТЕРОВ О ПОДГОТОВКЕ КОНСУЛЬТАНТОВ ОСМС
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
КЛИЕНТЫ JUSAN BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ ИНФОРМАЦИЮ ОБ ОСМС
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
ПРЕДСТАВИТЕЛИ ФСМС ВСТРЕТИЛИСЬ С КОЛЛЕКТИВОМ МЕРКЕНСКОЙ ЦРБ
ӘМСҚ ӨКІЛДЕРІ МЕРКІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Меркі аудандық орталық ауруханасында зейнетақы және өзге де аударымдардың кешіктірілуіне байланысты ұжыммен кездесу өтті. ӘМСҚ өкілдері Қор тарапынан медициналық қызметтер үшін төлемдер уақытылы жүргізілетінін және еңбек қатынастарына араласуға құқығы жоқ екенін түсіндірді.
17.04.2025
Барлығын қарау
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу